«Союз МС-26» қазақ даласына сәтті қонды

Ресейлік ғарышкерлер Алексей Овчинин мен Иван Вагнер, сондай-ақ NASA астронавты Дональд Петтит мінген «Союз МС-26» пилотталған кемесінің қайту капсуласы Қазақстан аумағына сәтті қонды.  

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Роскосмос» мәліметінше, тежеу және орбитадан шығу сәтінен кейін капсула Қазақстан даласына қонған. Экипаж Халықаралық ғарыш станциясынан 20 сәуірге қараған түні аттанған. Астана уақытымен сағат 00:57-де «Союз МС-26» станциядан ажыратылып, 03:27-де тежеу маневрі орындалды. Артынша аппарат Жер атмосферасының тығыз қабатына еніп, парашютпен төмендей бастады.

Қонудан кейін іздеу-құтқару тобының мамандары жылдам әрекет етіп, капсулаға жетіп, ғарышкерлер мен астронавты сыртқа шығарды.

Айта кетейік, Қазақстан дәстүрлі түрде Халықаралық ғарыш станциясынан оралған экипаждар үшін қону алаңы ретінде пайдаланылады.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді