СOVID-19: мұхиттардың пластикпен ластануына әкелді

Коронавирус пандемиясынан 2040 жылға таяу мұхиттардағы пластик қалдықтар үш есе артады. Жаңа зерттеулер осыны көрсетіп отыр.

Алматы, NEGE. Себебі індеттен дүние жүзінде пластик өнімдерді пайдалану көрсеткіші күрт өскен. Салдарынан жағажайларда бетперде және медициналық қолғаппен бірге тамақ салатын түрлі пластик қорапшалар көбейді. Мамандар әлем елдері қазір шұғыл шара қабылдамаса мұхиттарға жыл сайын 11 миллион емес 30 миллион тонна пластик жиналатынын айтып, дабыл қағуда.

Осы ретте ғалымдар әлем елдерін пластикті алмастыратын өнім шығару ісіне күш салуға шақырып отыр. Ал салыстырмалы түрде айтсақ, 1950 жылы әлемде жыл сайын 2 миллион тонна пластик өндірілсе, 2017 жылы оның көлемі 348 миллион тоннаға жеткен.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді