Сотталушылар ереуілге шықты

Боливиядағы түрмелердің бірінде сотталушылар ереуілге шықты. Наразылық білдіргендер биліктен медициналық көмек пен қорғаныш құралдарын талап етіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Қамауда отырғандар Оруро қаласының абақтысында бүлік шығарған. Жиналғандарды тарату үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданды. Қақтығыстан түрменің екі қызметкері жарақат алды. Ашуға бой алдырғандардың айтуынша, бір сотталушы қайтыс болғаннан кейін түрмеде дүрбелең туған. Жергілікті билік болса, жақын арада, түрмеден ондаған адамды бостандыққа шығармақ. Айта кетейік, қазір Боливияда COVID-19 диагнозы расталған 275 адам тіркелді. 20 адам осы дерттен көз жұмды.  

Олар: "Пандемия басталғалы бері ғимаратта вирустың таралуын болдырмау үшін ешқандай шара қолға алынған жоқ. Қорғаныш заттар, маскалар таратылмайды. Тым құрғанда бетпердені өзіміз тігіп алуымызға да мүмкіндік бермей отыр" дейді.  

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты