Сотталғандар ардагерлерге арнап хат жазды

Петропавл қаласының сотталғандары ардагерлерге арнап хат жазды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің сотталғандары өзінің алғыс және құрметтерін білдіре отырып, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне хат жазды. “Бейбіт аспан үшін сіздерге алғыс айтамыз! Зор денсаулық тілейміз. Сіздердің алдарыңызда басымызды иеміз!”,- деп сотталған А. өз құрметін білдірді. Жеңіс күні қарсаңында СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері ҰОС ардагері Иван Трофимович Клименкоға, еңбек майданының қатысушылары мен жауынгерлердің майданында қаза тапқан жесірлерге барды. Оларға азық-түлік жиынтығы, гүлдер мен техника табыс етілді. “Өткенін білмейтін халықтың болашағы жоқ. 9 мамыр мерекесі – жас ұрпаққа бейбіт аспанның басымызға қандай баға бергенін ұмытпауға, сондай-ақ туған жерге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді тәрбиелеуге көмектеседі”, – деп атап өтті СҚО бойынша ҚАЖД басшысы Рустан Ахметжанов. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында 36 Ұлы Отан соғысының ардагері және 3500-ден астам тыл еңбеккері тұрады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?