Сотталған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Алматыға ауыстырылды

Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Павлодардан Алматыға ауыстырылды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) редакцияның сұрауына жауап беріп, вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың Алматыға ауыстырылғанын растады.

«Алматыдағы мекемемелерде адамдар лимитінің ұлғаюына байланысты бірқатар сотталғандар, соның ішінде сіз көрсеткен адамдар тұрғылықты жері бойынша жеткізілді», - деп хабарлады ҚАЖК.

Қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды

Естеріңізге сала кетейік, вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құру ісі бойынша 5 жылға сотталған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін