Сотта Берденовтің денесіндегі оқ жарақаттарының суреті көрсетілді

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот процесі өтіп жатыр. 

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің адвокаттары сотта өз қорғауындағы адамның денесіндегі жарақаттарды көрсетті.

Фотодан оқ жарақаты мен тігілген жерлерді көруге болады. 

Фото: әлеуметтік желіден

Дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандырып, шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізген. Онда төрт сағатқа созылған шұғыл ота жасалды. Жарақаттардың күрделілігіне байланысты операция ұзақ болған.

Фото: әлеуметтік желіден

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке әкімдік ғимаратының маңында қастандық жасалған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты заңға қол қойды

Қазақстан бойынша Айт намазының кестесі жарияланды

Alatau City-де Орталық Азиядағы алғашқы аэротакси сынақтан өткізілді

Қазақстандықтар Жан Байжанбаев бастаған бірнеше актерді қамауға алуды талап етті