Социализм және секс

Америкалық антрополог Кристин Годсидің пікірінше, капитализм ерлер мен әйелдер арасындағы табиғи қатынасқа нарықтық құн беріп, әйелдерді еркектерге экономикалық тәуелділікке ұрындырады. Сондықтан ләззаты аз болатын көрінеді. Бұл тақырыпты терең зерттеп, «Неге әйелдер үшін социализмде секс күшті болған» деген кітап жазып тастапты. Бұл туралы

Slate.fr. хабарлады.

Алматы, NEGE.  Шығыс Еуропа елдерінің тәжірибесін пайдаланып, адамдарды мұқият зерттей отырып, мынадай қорытынды жасаған: «Капиталистік қоғамда жыныстық қатынас әлеуметтік алмасуға айналып кеткен».

Мәселен екіге бөлінген Германияда бұл мәселені зерттеу оңайырақ болған. Автордың айтуынша, әйелдердің экономикалық тәуелділігі мен төсекте ләззат алуында бір байланыс бар. Мәселен, Шығыс Германияда өмір сүрген немістер 1989 жылға дейінгі жыныстық өмірлерін «табиғи, көп қуаныш әкелетін» деп суреттеген. Одан кейін бәрі өзгерген.

Қазір оқып жатыр

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ