Сот шешімімен «Манчестер Сити» келесі жылы Чемпиондар лигасына қатысатын болды

Сот шешімімен «Манчестер Сити» келер жылы Чемпиондар лигасына қатысатын болды НҰР-СҰЛТАН.

Алматы, NEGE. Спорт саласындағы арбитраж соты «Манчестер Сити» футбол клубының апелляциясын қанағаттандырып, еурокубоктарға қатысуға рұқсат берді, деп хабарлайды euronews. Ағылшын клубы УЕФА шешіміне шағым білдірген еді. Еске салсақ, қаржылық фэйр-плей ережесін бұзғаны үшін команда биылғы ақпанда екі жылға еурокубоктардан шеттетілген болатын. «Манчестер Сити» бүгінгі шешімді қолдайды және осы арқылы клубтың ұстанымы мен біз ұсынған дәлелдер расталды деп санаймыз. Клуб процедураны тиісті тәртіппен жүргізген әрі еңбек еткен комиссия мүшелеріне алғыс айтады», - делінген футбол командасының ресми мәлімдемесінде. CAS шешімінен кейін «Манчестер Сити» 2020/2021 жылғы футбол маусымында Чемпиондар лигасына қатыса алады. Қазір клуб Ағылшын премьер-лигасында екінші орында келеді (үшінші орындағы «Челсиден» 12 ұпайы артық).

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған