Сот орындаушысының полицейлерден қашқан видеосы тарады

Оралда полицейлер мас жүргізушіні ұстады. Ол жергілікті сот орындаушысы болып шыққан, деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Алматы, NEGE. Оқиға 30 желтоқсанда түнде болған. Полицейлер Toyota маркалы көлігін тоқтатқан, жүргізуші - 33 жастағы қала тұрғыны.  

"Әңгімелесу кезінде ер адам мас екені анықталды, алайда ол медициналық айғақтаудан өтуден бас тартты. Осыған байланысты полицейлер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613-бабы бойынша хаттама толтырып, шешім шығару үшін Орал сотына жіберді", - дейді БҚО ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Мас жүргізушіні ұстау кезінде полицейлер кісен қолдануға мәжбүр болған, себебі ер адам қарсыласып, қашып кетуге тырысып, тәртіп сақшыларына тіл тигізген. Кейін ол БҚО жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының сот орындаушысы Алтынбек Бикмухамбетов екені анықталған. 

Құқықбұзушының көлігі айып тұрағына жеткізілді. Ал жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабы бойынша тағы бір хаттама толтырылды.

Қазір оқып жатыр

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті