Сот Мәсімов пен оның орынбасарларының жазасын өтеу режимін жеңілдетті

Сот Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы екі орынбасары - Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожиннің жазасын жеңілдетті, деп хабарлайды Астана сотының баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. "Апелляциялық саты К.Мәсімовке, А. Садықұловқа және Д. Ерғожинге қатысты бірінші сатыдағы сот үкімін қауіпсіздігі ең жоғары мекемеден қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтеу бойынша өзгертті", - делінген хабарламада.

Қалған бөлігінде үкім өзгеріссіз қалады.

Үкім заңды күшіне енді.