Сот Қайрат Сатыбалдыны мерзімінен бұрын босатудан бас тартты

Шығыс Қазақстан облыстық соты Қайрат Сатыбалдының шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарады.

Алматы, NEGE. "Сотталған Қайрат Сатыбалдының бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеумен ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартамыз", - делінген сот хабарламасында. 

Сот Қайрат Сатыбалдының тәртіп бұзғанын, сондықтан бұл өтінішті қабылдау тым ерте екенін жеткізді. 

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Сатыбалды 2023 жылдың қыркүйегінде 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен