Сот Арыстанбек Мұхамедиұлын үйқамаққа ауыстырудан бас тарты

Арыстанбек Мұхамедиұлының қорғаушысы оны қамауда ұстау тәрбін үйқамаққа ауыстыруды сұрады.

Алматы, NEGE. Астананың Байқоңыр аудандық №2 сотында ісі қаралып жатқан Арыстанбек Мұхамедиұлының қорғаушысы қамауда ұстау тәртібіне қатысты ұсыныс айтты. 

«Үйқамаққа ауыстыру туралы өтініш жолдағанбыз. Жақында маған екінші рет ота жасалды. Денсаулық жағдайым нашарлап барады. Осы орайда үйқамаққа ауыстыру шешімі дұрыс болар еді», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сонымен бірге экс-министр өзіне тағылған айыптың ешқайсысының дәлелденбегенін атады. Ол өзінің соған қарамастан әлі күнге қамауда отырғанын алға тартты.