Сот Шерзат ісі бойынша прокурорды ауыстырудан бас тартты

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр.

Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Бүгінгі сот отырысында айыпталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды сұраған болатын. Олардың сөзінше, прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыны шатастырып, қысым көрсетіп жатыр.

Кеңес бөлмесінен келген судья Ержан Жанұзақов прокурорды ауыстырудан бас тартты.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 87, 88 баптарында нақты қандай жағдайда мемлекеттік айыптаушы іске қатыса алмайтыны көрсетілген. Мұндай жағдайлар сотпен анықталған жоқ. Мемлекеттік айыптаушы Сәрсенбайдың бұл іске қандай да бір мүдделілігі, тікелей не жанама қатыстылығы анықталып отырған жоқ», — деді судья Ержан Жанұзақов.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты