Сот Қуандық Бишімбаевтың туысының кассациялық шағымын өзгеріссіз қалдырды

Бүгін Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотта ауыр қылмысты жасырғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылған Бақытжан Байжановтың жазасын жеңілдету туралы шағымы қаралды.

Жоғарғы сот

Астана, NEGE. Алайда кассациялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

«Сот қаулысымен Бақытжан Байжановқа қатысты Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 мамырдағы үкімі және 2024 жылғы 26 маусымдағы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын», – деді судья.

Осылайша, Байжановтың адвокаттарының кассациялық шағымы қанағаттандырылмады.

Еске салсақ, 2024 жылғы 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Сот бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты әйелін азаптап өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 24 жылға соттады.

Оның інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Өткен жылдың шілде айында Степногорск қалалық соты Байжановтың амнистияға ілігу туралы өтінішін қанағаттандырған еді. Ол осы жылдың қараша айында бостандыққа шығуы мүмкін.

 

Қазір оқып жатыр

Ақтауда полицей қызметтік көлікпен 1,5 жасар баланы қағып кетті

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерін скринингке жіберуге міндеттелмек

«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Ердоғанмен түскен фотосын жариялады