14 января 2026 г. 13:32

Сот Қожамжаровтарға банкпен келісімге келу үшін уақыт берді

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың бауыры, бизнесмен Дулат Қожамжаров Халық банкімен медиациялық келісімге қол қоюға дайын екенін айтты.

Астана, NEGE. Алматыдағы Медеу аудандық соты банктің Дулат пен Гүлназ Қожамжаровтардан, сондай-ақ төрт компаниядан қарыз өндіру жөніндегі талап-арызын қарауды уақытша тоқтатты. Себебі 2026 жылғы 5 қаңтарда жауапкерлер медиациялық келісім жасасу үшін уақыт беру туралы өтініш жолдаған.

Өткен жылдың қараша айында осы істі қарау барысында сот жауапкерлер Дулат пен Гүлназ Қожамжаровтардың, сондай-ақ «Ойл Снаб» компаниялар тобы» ЖШС, «HILL Resources» ЖШС, «HILL Invest» ЖШС және «AvtoTechMas Ltd» ЖШС-не тиесілі жылжымалы және жылжымайтын мүлікке 2 627 160 208 теңге көлемінде бұғат салған.

2024 жылы Forbes Kazakhstan Дулат Қожамжаровтың байлығын 110 млн доллар деп бағалап, оны елдегі ең бай кәсіпкерлер тізімінде 57-орынға қойған еді.