Сот Дулат Қожамжаровтан және онымен байланысты компаниялардан миллиардаған теңге өндіріп алды

Алматыда сот «Халық банктің» талап арызы бойынша Дулат Қожамжаровтан және онымен байланысты компаниялардан миллиардтаған қаржы өндіріп алу туралы шешім шығарды.

freepik.com

Астана, NEGE. Сот «Халық банктің» шағымын толығымен қанағаттандырып, HILL тобы компанияларын, Дулат Қожамжаровты және ішінара Гүлназ Қожамжарованы 2,549 миллиард теңге, 44,87 миллион еуро және екі талап жиынтығы бойынша мемлекеттік баж төлеуге міндеттеді, деп жазады BES.media.

Сондай-ақ сот Өскемендегі өндірістік нысандарды, Шымкенттегі Дулат Қожамжаровтың тұрғын үйін, Алматыдағы пәтерін және басқа да кепілдегі мүліктерді белгіленген бастапқы бағамен сатуға рұқсат берді.

Өндіріп алынатын ең ірі актив – Шымкенттегі «Оңтүстік индустриалды» аймағында орналасқан HILL өнеркәсіптік кешені болды. Ол 9,13 млрд теңгеге бағаланған.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды