25 июля 2022 г. 10:17

Соңғы тәулікте 2 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Фото:

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2054 дерегі тіркелді.

Алматы, NEGE. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны осымен 1 333 547-ге жетті. 

«Кейінгі тәулікте ауырғандардың ішінде:  Нұр-Сұлтан қаласында - 806,  Алматы қаласында - 532,  Шымкент қаласында – 46,  Ақмола облысында – 68,  Ақтөбе облысында – 8,  Алматы облысында - 83,  Жетісу облысында - 84,  Атырау облысында - 61,  Шығыс Қазақстан облысында - 6,  Абай облысында - 26,  Жамбыл облысында - 76,  Батыс Қазақстан облысында - 20,  Қарағанды облысында - 130,  Қостанай облысында - 11,  Қызылорда облысында - 36,  Маңғыстау облысында - 14,  Павлодар облысында - 28,  Солтүстік Қазақстан облысында - 8,  Түркістан облысында 11 тұрғын сырқаттанды», - деп жазды комиссиядан.

Тегтер: