Соңғы екі жылда балалардың құқығына қатысты заңға 83 түзету енгізілді

Егемендік жылдары елімізде бала болашағына қатысты барлық халықаралық құжаттар ратификацияланды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Бақытты бала – бақытты ел» тақырыбында өткен брифингте Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «1-маусым ерекше мереке. Тәуелсіздік алғалы 30 жылы ішінде Қазақстан балалардың құқығын қорғауға байланысты халықаралық құжаттардың барлығын ратификациялады. Солардың ішінде Балалардың құқығы туралы конвенция бар. Сонымен қатар соңғы екі жылда заңға 83 түзету енгізілді. Оның барлығы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесіне байланысты», – деді Есенғазы Иманғалиев.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды