Сомалиде шегіртке қаптап кетті

Сомалиде шөлдегі шегірткелердің қаптап кетуіне байланысты төтенше жағдай енгізілді.

Алматы, NEGE. Төтенше жағдайды Сомалидің Ауыл шаруашылығы министрлігі жариялады, елдің оңтүстік аудандарындағы жағдай ауыр.

Өз кезегінде, БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (FAO) соңғы күндері Сомали жағалауына түскен жел мен жаңбыр шөлдегі шегірткенің күрт көбеюіне жағдай жасағанын ескертті.

«Жәндіктер басқа аудандарға тез таралуда, бұл - жерді өнімсіз қалдыру қаупін туындатып отыр», – делінген FAO мәлімдемесінде.

Африкалық шегіртке – жәндіктер түрінің ішіндегі ең қауіпті зиянкес. Құрғақшылық жағдайда аш қалу қаупі туындаса, бұлар саны ондаған миллионға жететін үлкен топ құрап, азық іздейді.

Бұл жәндіктердің ордалары тәулік ішінде 150 шақырымға дейін жолды артта қалдырады, ал жолында кездескен өсімдіктің бәрін жеп, тып-типыл етеді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр