Солтүстік Корея Президенті Ким Чен Ын жеке пойызымен Бейжіңге келді

2023 жылғы 2 қыркүйекте КХДР басшысы жеке пойызымен Қытай шекарасынан өтті.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Пойызда Солтүстік Корея көшбасшысымен бірге партия басшылығы және ел үкіметінің өкілдері де бар. Олар Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 80 жылдығына арналған мерекелік шараға қатысады.

Ким Чен Ын Си Цзиньпинмен, Ресей президенті Владимир Путинмен және өзге де мемлекет басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланған. 

«Солтүстік Корея 1959 жылдан бері алғаш рет Қытайдың әскери парадына қатыспақ. Ал Ким Чен Ынның өзі Бейжіңге соңғы рет 2019 жылы барған еді», – делінген хабарламада.

Ким Чен Ынның бұл сапары Солтүстік Корея билігі үшін Қытай және Ресеймен байланысты нығайтуға мүмкіндік болмақ.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты