7 января 2025 г. 18:10

Солтүстік Корея орта қашықтағы баллистикалық зымыран ұшырды

Фото: kaz.orda.kz

Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай орта қашықтағы баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл туралы Оңтүстік Корея штаб басшыларының бірлескен комитетіне сүйенген Yonhap агенттігі хабарлады. 

Алматы, NEGE. Бұл – Солтүстік Кореяның Жаңа жылдан кейін ұшырған алғашқы зымыраны.

Бұл жайт АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Оңтүстік Кореяға сапары кезінде болды.

Солтүстік Корея бұған дейін 5 қарашада, АҚШ-тағы президент сайлауы кезінде зымыран ұшырған болатын.

Пхеньян АҚШ-тағы сайлауға бірер күн қалғанда, 31 қазанда Жапон теңізіне құрлықаралық баллистикалық зымыран жіберген еді. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын зымыран сынағын "дұшпандарға жауап" деп атаған.