Солтүстік Корея мектептерінде орыс тілі міндетті пән ретінде енгізілді

Солтүстік Корея мектептерінде орыс тілі 4-сыныптан бастап міндетті пәнге айналды, – деп жазады «Интерфакс» агенттігі. 

interaffairs.ru

Астана, NEGE. Бұл туралы Ресей мен КХДР арасындағы үкіметаралық комиссияның тең төрағасы, табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козлов айтқан.

«КХДР мектептерінде орыс тілі 4-сыныптан бастап міндетті тіл ретінде енгізілді. Ал Ресейде қазіргі уақытта 3 мыңнан астам оқушы корей тілін оқып жүр. Оқушылардың басым бөлігі корей тілін екінші немесе үшінші шетел тілі ретінде оқиды», – деді Козлов.

Оның айтуынша, 300 ресейлік студент корей тілін оқуды таңдаған. Ал, Солтүстік Кореяда орыс тілі ең танымал шетел тілдерінің алғашқы үштігіне кіреді.

Қазір Солтүстік Кореяда шамамен 600 адам орыс тілін оқып жүр.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты