Солтүстік Қазақстанда үй өртеніп, жалғызбасты әке мен 4 бала қаза тапты

Солтүстік Қазақстанда үй өртеніп, жалғызбасты әке балаларымен бірге қаза тапты. 

ТЖМ

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылында жеке тұрғын үйде тіркелді. Деректерге сүйенсек, мұнда 5 баласы бар жалғызбасты әке тұрған. Жұбайы бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Әкелері балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған. 

Өрт түнде шыққан. Өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен отқа оранып, шатыр мен төбесі құлап жанған. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. ТЖД қызметкерлері өртті 01:22-де оқшаулап, тек бүгін 12:30-да ғана толық сөндірді. 

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты