Солтүстік Қазақстанда вируспен күреске 1 млрд 475 млн теңге бөлінген

Солтүстік Қазақстан облысында коронавируспен күреске 1 млрд 475 млн теңге бөлінген.

Алматы, NEGE. Бүгін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыстық филиалының директоры Лариса Гордеева брифинг барысында қаржының қайда жұмсалып жатқанын айтып берді.

Лариса Гордееваның сөзінше, медициналық сақтандыру қоры коронавирусты емдеу және алдын алу жөніндегі барлық іс-шараларды қаржымен қамтамасыз етеді.

СҚО-да қауіпті вируспен күресуге барлығы 1 млрд 475 млн астам теңге бөлінді.

Оның 339 млн теңгесіне 23 емдеу мекемесімен халықты емдеуге, соның ішінде стационарларға жатқызуға келісім жасалды.

983 млн теңгесі ерекше еңбек жағдайында жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлеріне үстемақы ретінде беріледі.

Бұдан басқа ПТР-диагностикаға 173 млн теңгенің шарттары жасалған.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауы тамызда өтеді

Айбек Оралбай – 3 дүркін Азия чемпионы

Санкциялық яхталар, хром және ескі қазақстандық схема: Йылдырымдар туралы оқиғаның екінші бөлімі

Үш отандасымыз бокстан Азия чемпионы атанды