28 сентября 2023 г. 9:29

Солтүстік Қазақстанда «Аграрлық несие корпорациясы» филиалының басшысы ұсталды

Фото:

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Бизнеске жол»* жобасын іске асыру шеңберінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының басшысын ұстады.

Алматы, NEGE. Ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден бірнеше рет пара алды деп күдіктелуде. Пара сомасы 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі мөлшерді құрады.

Ақшалай қаражаттар ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде бөлінетін кредиттік қарыздарды беру мәселесін оң және кедергісіз шешуге арналған.

Күдікті Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Тегтер: