Солтүстік Қазақстанның өрт сөндірушілері 24 адамды эвакуациялады
2023 жылы 20 тамызда сағат 06.46-да 101 телефонына Петропавл қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің 2 қабатынан түтін шыққаны туралы хабарлама түсті.
Алматы, NEGE. Сағат 06.53-те құтқарушылар жетіп, пәтердің балконынан қатты түтін шыққаны анықталды.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде 1928 жылғы ер адам өрт орнынан құтқарылды, сондай-ақ баспалдақпен 23 адам эвакуацияланды.
Оқиға орнында 3 бірлік техника және жеке құрамнан 9 адам жұмыс істеді.
Өрт сағат 07.04-те сөндірілді.