Соколов-Сарыбай кен орнында жұмысшы қаза тапты

Бұл туралы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі хабарлады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мәліметке сәйкес, «Соколовская» шахтасында жазатайым оқиға болған. 280 метр деңгейіндегі жиекте жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін іліктастарды жинау кезінде тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған.

Оқиға салдарынан жұмыскер қаза тапты.

«ССКӨБ АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына қайғыра көңіл айтады. Марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетіледі. Оқиға қатысты тергеу басталды», – делінген компания таратқан ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Жаһандық саммит аясында Мәжіліс спикері екіжақты кездесулер өткізді

Қаракемердің балаларын шыр айналдырған не қара күш?

ШҚО-да кәсіпкер әлеуметтік тауарды 127% үстемемен өзіне-өзі қайта сатқан

Сыртқы істер министрлігі қажылық алдында ықтимал қауіптер жөнінде ескертті