Алика Мұхамадиеваға қатысты сот үкімі жарияланды

Әлеуметтік және ұлтараздықты қоздырды деп айыпталған 22 жастағы Алика Мұхамадиева 3,5 жылға сотталды.

скрин

Астана, NEGE. Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындайтынын айтып, кішкентай баласы бар екенін ескеруді өтінді.

«Мен ренжіткен барлық адамдардан тағы да кешірім сұраймын. Қатты өкінемін. Соттан үкім шығарғанда менің кінәмді толық мойындағанымды, өкінетінімді және кішкентай қызым бар екенін ескеруді сұраймын. Адам қолда барын айырылған кезде ғана бағалай бастайды. Қазір мен қызыма бәрін беруге дайынмын, тек қасында болсам екен», – деді айыпталушы.

Айта кетейік, Мұхамедиева бұған дейін Threads желісінде қазақтарды «мамбет», «қалбит», «қазақшасөйлешник» деп мазақтаған. Аталған жазбаға қатысты желі қолданушыларының шағымынан кейін, оған қылмыстық іс қозғалды.

Прокурор оны 4,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр