Астанада үстіне кондиционер құлаған фельдшер қайтыс болды

Астанадағы тұрғын үйде болған оқиға кезінде зардап шеккендерге көмек көрсеткен фельдшер Ұлдана Мырзуан қайтыс болды. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова хабарлады.

rustemova_aliya инстаграм парақшасынан

Астана, NEGE. Тұрғын үй кешенінде кірпіш қаптама құлаған кезде Ұлдана Мырзуан зардап шеккендерге көмектесіп жүр еді. Сол кезде ол құлаған кондиционердің астында қалып, ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлер 8 қарашадан бері оның өмірін сақтап қалуға бар күшін салды. Бірақ қолдан келген барлық шараға қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады.

Бұл – бүкіл медицина қауымы үшін орны толмас қайғы. Ол өз ісіне берілген, батыл, мейірімді, нағыз маман еді. Соңғы сәтіне дейін адамдарға көмектесіп, өз міндетін атқарды, – деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты