Қазақстанның сыртқы қарызы 15,90 млрд доллар болды

Қазақстанның сыртқы қарызы 8,73 трлн теңге (15,90 млрд доллар) болды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің есебінде айтылған.

ашық дереккөз

Астана, NEGE. Министрлік мәліметінше, 2025 жылдың 1 қазанында жалпы қарыз сомасы 37,94 трлн теңге немесе 69,14 млрд доллар болған. Бұл – мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз.

Ал, Қазақстанның сыртқы қарызы:

  • 2,01 трлн теңге (3,66 млрд доллар) – Халықаралық қайта құру және даму банкінен алынған қарыздар,
  • 803,91 млрд теңге (1,46 млрд доллар) – Азия даму банкінің несиелері,
  • 35,74 млрд теңге (65,13 млрд доллар) – Еуропа қайта құру және даму банкі,
  • 26,95 млрд теңге (49,12 млрд доллар) – Ислам Даму Банкі,
  • 498,62 млрд теңге (908,58 млн доллар) – Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің қарыздары,
  • 397,8 млрд теңге (764,4 млн доллар) – Ресей нарығында орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздар.

Сонымен қатар үкіметтің қарызы — 33,95 трлн теңге немесе 61,86 млрд доллар болған.