«Қытай интернетін пайдаланады»: ШҚО әкімі мәселенің қашан шешілетінін айтты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов шекаралық аудандардағы байланыс қызметтерінің мәселесі қашан шешілетінін айтты.

видеодан кадр

Астана, NEGE. Бұған дейін Марқакөл ауданының тұрғындары телефондарының автоматты түрде қытайлық операторларға ауысып кететініне шағымданған. 

Сақтағанов бұл мәселенің алдағы екі жылда толық шешілетінін жеткізді.

Жол картасы бойынша 2027 жылдың аяғына дейін барлық өңірлер жоғары жылдамдықты интернет байланыстарымен қамтылады.  Бүгінде Марқакөл ауданының 9 ауылында интернет жүйесі іске қосылып, 6 ауылы бойынша біз қазір Altel, Tele2, Beline компанияларымен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл мәселе 2027 жылға дейін толық шешіледі, деді облыс әкімі. 

Сонымен қатар, Сақтағанов мектептерде Starlink қондырғысы орнатылғанын айтты. 

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес