Туабітті бет-жүз ақауы бар балалар мемлекет есебінен ота жасай алады

Енді туабітті бет-жүз ақаулары бар балалар операцияларды мемлекет есебінен ала алады.

ашық дереккөз

Астана, NEGE.  Депутат Асхат Аймағамбетов Мәжілісте аталған заңға түзету енгізілгенін айтты.

«Енді ірі гемангиомалармен, тамырлық мальформациялармен және басқа да айқын аномалиялармен туған балалар реконструктивті–косметикалық операцияларды мемлекет есебінен ала алады. Біз осындай бастама жасап, заңға түзету енгіздік», – деп жазды депутат.

Бұған дейін мұндай оталар негізінен «эстетикалық» деп саналып, ата-аналар өздері қаржы іздеуге мәжбүр болатын. Ал іс жүзінде бұл балалардың тыныс алуы, көруі мен психологиялық жағдайына әсер етеді. 

Қазір оқып жатыр

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді