UEFA Алматының орталық стадионына 81 ескерту жасаған

«Қайрат» футбол клубы UEFA-дан Орталық стадионның жағдайына байланысты 80-нен астам ескерту алған. Бұл жөнінде клуб президенті Қайрат Боранбаев Baitassov Live-қа берген сұхбатында айтты.

centralstadium.kz

Астана, NEGE. Ескерту «Қайрат» футбол клубының шотландиялық «Селтик» командасымен ойын кезінде жасалған. Боранбаев олардың өкілдерімен екі күн жұмыс істеп, ескертулер санын 21-ге дейін қысқартқанын айтады.

UEFA-ның матч комиссары ойын алдында бәрін тексереді. Олар бізге 81 ескерту жасады. Бұл өте көп! Олар үшін қауіпсіздік өте маңызды. Сондықтан олар стадионда отыратын орын санының көп болуына, сондай-ақ дәліздерді адамдар жауып тұруына қарсы болды, – деді Боранбаев.

Сонымен қатар ол стадион барлық жағынан ескіргенін айтады. Боранбаевтың айтуынша, Алматыға 30 мың адамдық жаңа стадион салуға болады. 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты