Алматыда балабақша асханасынан тарақандар табылды

Әлеуметтік желіде Алматыдағы балабақшалардың бірінің асханасында тарақандар жүргені туралы видео тараған.

Halyqstan арнасы

Астана, NEGE. Қалалық білім басқармасы бұл кадрлардың Әуезов ауданындағы №29 балабақша асханасында түсірілгенін растады. Айтуларынша, видеоны «Батыр KZ» күзет компаниясының қызметкері қыркүйек айында түсірген.

Басқарма мәліметінше, балабақша маңында қоқыс контейнерлері орналасқан, жәндіктердің асханаға кіруіне соның әсері болуы мүмкін.

Әуезов ауданының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі бұл балабақшаға 2024 жылдың қарашасында шағым негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізген. Шағымдарда мекемеде уақытылы тазалық пен дезинфекция жұмыстары жүргізілмейтіні айтылған.

Анықталған бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғаға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама жасалып, оларды жою жөнінде талап берілді.

Балабақшаның тамақ дайындау мен ұсыну, қызмет көрсету және жұмыстар жүргізу қызметі уақытша тоқтатылды, – деп хабарлады ведомствода.

Балабақша жабылған кезеңде балалар қаладағы өзге балабақшаларға уақытша орналастырылды.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды