«Қайрат» – «Реал» матчын тамашалауға келген жанкүйерлер стадионға кіре бастады

Кешкі сағат 21:45-те Орталық стадионда өтетін алматылық «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы матчты асыға күткен жанкүйерлер таңертеңнен бастап стадион маңына жиналған. Ал, кешкі 17:50-де алаңға жанкүйерлердің алғашқы легі кіре бастады

Nege

Алматы, NEGE. Қала тұрғындары мен қонақтарының айтуынша, бүгін мегаполисте мерекелік көңіл күй анық сезіледі. Қаланың орталық көшелерінде «Қайраттың» жейдесін киіп ұрандатқан жанкүйерлердің қарасы қалың. Сонымен қатар, клубтың сары-қара түсті бұйымдары, жейделері белсенді сатылып жатыр.

Матч UEFA Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында өтеді. Мұндай тарихи кездесу елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл тек спортсүйер қауым үшін емес, еліміз үшін де үлкен оқиғаға айналды.

Фото: Nege

Сонымен қатар, стадион аумағында фан-аймақтар мен арнайы фотозоналар ұйымдастырылған.

Фото: Nege

Спорт сүйер қауым бұл матчты ел футболының дамуына серпін беретін сәттердің бірі ретінде бағалап отыр.

Ресми түрде ойын 21:45-те басталады. 

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды