Суррогат аналардың шетел азаматтарына бала туып беруіне тыйым салынбақ

Денсаулық сақтау министрлігі заңнамаға Қазақстан аумағында суррогат ана қызметін көрсетуге тек ел азаматтарына ғана рұқсат беруді көздейтін түзетулер әзірлеген. 

freepik.com

Астана, NEGE. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған.

Онда суррогат аналарға бүгінгі таңда Қазақстан азаматтарымен қатар шетел азаматтары да тапсырыс бере алатыны айтылған.

«Тәжірибеде халықаралық суррогат аналарға қатысты түрлі жанжалдар мен сот процестері туындай бастады. Осыған байланысты бүгінде Қазақстан аумағында суррогат ана қызметін көрсетуге тек Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана рұқсат беруді көздейтін норманы заңнамаға енгізу қажеттілігі туды», – дейді Бозымбаев.

Оның мәлімдеуінше, Денсаулық сақтау министрлігі «Неке және отбасы туралы» кодекске түзетулер әзірлеген. Қазіргі уақытта түзету мүдделі мемлекеттік органдармен келісу сатысында екені атап өтілген.

Тиісті мемлекеттік органдар бекіткеннен кейін бұл түзетулер Парламент қарауына енгізілмек.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты