Соғыс: Келіссөз қалай өтіп жатыр? (Фоторепортаж)
Беларусьтің Гомель облысында Ресей мен Украина делегациясы келіссөздерді басталғанын бұған дейін хабарлағанбыз. БелТА ақпарат агенттігі келіссөз барысынан фотолар таратты.
Алматы, NEGE. Келіссөзге ресейлік делегацияны Путиннің көмекшісі Владимир Мединский бастап келді. Құрамында қорғаныс вице-министрі, сыртқы істер вице-министрі, дума депутаты және Ресейдің Беларусьтегі елшісі бар.
Ал Украина делегациясына сыртқы істер вице-министрі Николай Точицкий жетекшілік жасайды. Сондай-ақ қорғаныс министі Алексей Резников, В.Зеленскийдің кеңсе жетекшісінің орынбасары М.Подоляк «Слуга народа» фракциясының жетекшісі Давид Арахамия, халық депутаты Рүстем Умеров және украин делегациясы жетекшісінің орынбасары Андрей Костин бар.