Софья Берульцева Азия ойындарының финалына шықты

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Софья Берульцева финалға шықты.

Алматы, NEGE. Токио олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы С.Берульцева 68 келіден жоғары салмақта барлық кездесуін сәтті өткізді.

Софья Берульцева жартылай финалда тартысты бәсекеде филиппиндік Арианна Изабель Бритоны 1:0 есебімен ұтты.

Қазақстандық каратэші финалда непалдық Арика Гурунгпен алтын үшін сынға түседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын каратэші Данияр Юлдашевтің Азия ойындарының алтыны үшін таласатынын жазған едік.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр