Софья Берульцева — Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Бірікке Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында каратэден әлем чемпионаты аяқталды. Әйелдер мен ерлер арасында каратэ WKF түрінен әлемдік сайысқа 105 ел қатысты.

Шымкент, NEGE. Шымкент қаласынын спортшысы София Берульцева 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 3-ші орынға ие болды. Жерлесіміз Франция, Украина, Түркия, Финляндия елінің спортшыларын жеңіп, жартылай финалға шыққан еді. Жартылай финалда Испания өкілі Мария Гарсияға ұпай санымен есе жіберді. Ал қола жүлдеге таласта сербиялық қарсыласынан басым түсті.    

2021 жыл Софья Берульцева үшін табысты аяқталып отыр. Ол биылғы Токио олимпиадасында да ел қоржынына қола жүлдені салған еді.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды