Софья Самоделкина Tallinn Trophy турнирінде күміс медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Эстонияда өткен Tallinn Trophy халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Софья үшінші орында тұрған еді. Алайда, еркін бағдарламада өз жағдайын жақсартып, нәтижесінде екінші орынға ие болды.

Жалпы Самоделкина 173,25 ұпай жинады.

Бірінші орынды 192,48 ұпаймен Бельгиядан барған Нина Пинзаррон иеленді. Ал, қола медалді канадалық Сара-Мод Дюпуа 163,58 ұпаймен жеңіп алды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Трамптан хат алды

Бюджеттен миллиардтар бөлінген «Тұран» клубын бар болғаны 737 мың теңгеге сатпақ

Temu жарнамасы Австрияда жосықсыз деп танылды

Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған