Сметов жартылай финалға жолдама алды

Токиодағы Олимпиада ойныдарында 60 келі салмақта бақ сынап жатқан дзюдошы Елдос Сметов алғашқы айналымда түркиялық қарсыласынан басым түсті.

Алматы, NEGE. 2010 жылғы жастар арасындағы, 2015 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионы, Азия чемпионаты мен біріншілігінің жеңімпазы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Токиодағы алғашқы белдесуін сәтті аяқтады.

Ол түркиялық қарсыласы Михрач Аккушты айқын басымдықпен жеңді.

Сметов ширек финалда Оңтүстік Корея намысын қорғаған Ким Вон Джунмен кездескен болатын. 

Белдесу барысында Елдос алдымен "ваззари", кейін "иппон" ұпайын еншілеп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. 

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты