Токио-2020: Сметов финалға шыға алмады

Жапон елінде жазғы Олимпиада ойындарында 60 келі салмақта ел намысын қорғап жүрген дзюдошы Елдос Сметов жартылай финалда сүрінді.

Алматы, NEGE. Жартылай финалда ол татами иесі, Рио Олимпиадасының «қола» жүлдегері, 2017 жылғы әлем чемпионы жапониялық Наохиса Такатомен белдесті.

Тартысты өткен сайыста қарсыласы Елдос Сметовті қосымша уақытта жарыс жолынан шығарды. Жапон спортшысы Елдосқа дейін әуелі Еуропа чеммпионатының жүлдегері бельгиялық Йорре Ферстрэтенді, ширек финалда грузиялық Лухуми Чхвимианиді жеңген болатын.

Ал Елдос Сметов қола медаль үшін болатын белдесуде Нидерланд дзюдошысы Торнике Тшакадуаның осал жерін табуға тырысатын болады.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты