СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Ленинград облысында болған жанжал кезінде ҚР азаматтары ауыр жарақат алмағанын хабарлады.

nege.kz коллажы

Астана, NEGE. Министрліктің ресми өкілі Ерлан Жетібаев 26 наурызда Усть-Луга вахталық ауылында орын алған «тұрмыстық сипаттағы оқиғаға» Қазақстан азаматтары да қатысқанын растады. Жанжалға қатысушылар ұсталған.

«Қолда бар мәліметке сәйкес, Қазақстан азаматтары арасында ауыр жарақат алған немесе ауруханаға жатуды қажет ететіндер жоқ. Оқиға орнындағы жағдай тұрақты және тиісті қызметтердің бақылауында», – делінген Ерлан Жетібаев таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Усть-Луга вахталық ауылы маңында Қазақстан азаматтарының қатысуымен жаппай жанжал болғаны туралы ақпарат тараған еді. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода бір топ адамның өзара қақтығысқа түскені көрінеді. Артынша оқиға орнына дабыл шамдары қосылған арнайы көлік жоғары жылдамдықпен келіп, жиналғандардың кейбірін күштеп көлікке отырғызып алып кеткені түсірілген.

Қазір оқып жатыр

Алатауда аэротакси бағасы премиум таксимен шамалас болады

29 мамырда Алматыда қалдықтарды кәдеге жарату зауытының құрылысы басталады

Қазақстанда нотариустардың қызметін бақылау күшейтілмек

Астана әуежайынан ұшып кететін жолаушыларға бірқатар өзгеріс болатыны ескертілді