СІМ қазақстандықтарды Бангладешке барудан бас тартуға шақырды
Бангладеш Халық Республикасындағы қалыптасқан жағдайға байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына аталған елге ахуал тұрақтанғанға дейін бармауды ескертті.
Алматы, NEGE. – Қазіргі уақытта Бангладеште жүрген Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса тұрып жатқан жерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, жаңалықтарды қадағалауды және биліктің ұсынымдарын орындауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Бангладеш Халық Республикасындағы қызметін қоса атқарушы Үндістан Республикасындағы Елшілігімен тұрақты байланыста болуды сұраймыз, – делінген хабарламада.
Қосымша және жедел ақпарат алу үшін Бангладеште жүрген ҚР азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары төмендегі байланыс нөмірлер арқылы шұғыл хабарласа алады.
ҚР СІМ-нің байланыс нөмірлері: 7 (7172) 720111 (кезекші дипломат) 7 705 443 33 32 (ұялы телефон, WhatsApp) Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігінің байланыс нөмірлері: 91 1145 555 106 91 9667 118 363