СІМ Бишімбаевтың сотына қатысқан Ксения Собчак пен Наталья Грейс туралы пікір білдірді

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ресейлік журналист Ксения Собчак пен блогер Наталья Грейстің Қазақстандағы сот отырысына қатысуы туралы пікір білдірді.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. «Олардың екеуі де аккредитация үшін бізге жүгінген жоқ. Сот отырысына ресейлік медиа өкілдердің нақты кім ретінде қатысқанын сот өкілдерінен анықтап біле аласыздар», - деді Айбек Смадияров министрліктің апталық брифингінде.

Айта кетейік, Қазақстанда бұрынғы Экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі жұбайын өлтірді деп айыпталды және аты шулы сот талқылауы өтіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр