Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо Қазақстанға ресми сапармен келеді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақорда

Астана, NEGE. 10-11 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо ресми сапармен келеді.

Келіссөздер барысында Қазақстан Президенті мен Словакия Үкіметінің басшысы қазақ-словак серіктестігін кеңейту перспективасын талқылайды.