«Славиян базары» халықаралық өнер фестивалінде ересектер арасындағы халықаралық өнер фестивалі басталды

Биыл еліміздің атынан өнер додасында Ерік Төленов өнер көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Ән сайысына 14 елдің өкілі қатысады. Жерлесіміз алғашқы кезеңде 62 ұпай жинады. Өнер додасының жалғасы әрі шешуші сәті бүгін түнде өтеді. Ал осы өнер фестивалі аясында ұйымдастырылған бишілер бәсекесі өз мәресіне жетті. Қазақстан атынан екі топ қатысты.

Оның бірі Алматылық «Сармат» хореографиялық ансамблі. Бүлдіршіндер сахнада сергек қозғалып, би арқылы қазақтың салт-дәстүрін паш етті. Олар бұл өнері үшін арнайы марапатқа ие болды. Ал Жезқазғаннан барған «Шалқыма» би ансамблі жұрт назарын аударды. Жастар жібек жолы, оның тарихын, сауда-саттықтың даму кезеңін көрсетті. Терең мағыналы би, көрерменнің де, қазылар алқасыныңда көңілінен шықты. 19 үміткердің ішінен дәл осы топ үшінші орынды иеленді. Бас жүлде ресейліктерге бұйырса, бірінші және екінші орынға Армения мен Қырғызстаннан келген бишілер лайықты деп танылды.

Қазір оқып жатыр

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады