Скриптонит коронавирус жұқтырды

Скриптонит деген атпен танымал қазақстандық рэпер Әділ Жәлелов коронавирус жұқтырды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы әнші Instagram-парақшасында жазды.

«Коронавирус инфекциясын (COVID-19) жұқтыруыма байланысты 36 Summer Jam 27 маусымға шегерілді. Қолайсыздық үшін кешірім сұрап, түсінесіздер деп үміттенеміз», – деп жазды Скриптонит Instagram-да. Әншінің тыңдармандары тезірек сауығып кетуін тіледі. 

Наурызда Скриптонит «Свистки и бумажки» альбомын шығарған болатын. Кейін ол ағылшын тілінде альбом дайындап жатқаны хабарланған. Мамырдың соңында қазақстандық рэпер «Будьте здоровы» атты әнін шығарған еді.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті