31 июля 2022 г. 9:52
Скриптонит Қазақстандағы концертін қаңтар құрбандарын еске алумен бастады
Қазақстандық танымал музыкант Скриптонит (Әділ Жалелов) Алматыда өтіп жатқан концертін қаңтар оқиғалары мен Украинадағы әскери қимылдар кезінде құрбан болған жандарға үнсіздік жариялаумен бастады.
Алматы, NEGE. “Концертті қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқандарды және Украинада ажал құшқандарды еске алу үшін, бір минут үнсіздікпен бастағым келеді”, - деді әртіс.