Скотчпен байлап тастаған: Таразда жетім қызды азаптағандарға қатысты іс қозғалды

Журналист Руслан Өтепбайдың жекесіне осыдан бірер жыл бұрын құлдықтан құтқарылған Құндыздың фотосы келіп түскен.

instagram.com/ruslan_utepbai

Алматы, NEGE. Фотодан оның қол-аяғы байланып, аузын скотчпен жауып тастағанын көруге болады.

Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш фотосуретке қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Қылмыстық кодекстің «Азаптау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

«Қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Полиция қызметкерлері істің барлық мән-жайын жан-жақты анықтап, мұқият зерделеп жатыр. Толық әрі объективті тергеу нәтижесі бойынша заң талаптарына қатаң сәйкес негізделген процессуалдық шешім қабылданады», — делінген хабарламада.

Балалардың құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жәбірленген қыздың қазір интернатта, қауіпсіз жерде екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті